- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ашуланғанда "Абай аға",...
"Ашуланғанда "Абай аға", былай "тақсыр" дейді". Абай Бегей әйелі өзін қалай атайтынын айтты
Танымал әнші Абай Бегей әйелі өзін "тақсыр" деп атайтынын айтты. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, өзінің анасы да кезінде әкесінің есімін атамаған.
"Өзі қалады (тақсыр деп атауды - еск.). Ашуланған кезде "Абай аға" дейді. Былай кезде "тақсыр" дейді. Ол Нұр-Мүбарак университетін бітірген. Араб тілінен сабақ берген. Сол жерді бітіргеннен кейін "солай атайын" деді. Анам да әкемнің атын айтпаған. Әкемнің аты - Өсербай. Әкеміздің зейнетақысын алуға барғанда, қасындағы әйелдерден "шалдың атын айтып жіберші" деп сұрайды екен. Қазақта күйеуінің атын айтпау бар. Сол себептен бе, "тақсыр деп айтайын" деді. "Жақсы" дедім", - дейді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегей итінің үйшігін 300 мың теңгеге салғызғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова