“Артында жеті баласы қалды“. Таудан өртелген сүйегі табылған полицейге қатысты тың дерек айтылды

Алматы облысында полицейдің өртенген сүйегі табылды. Марқұмның мүрдесін мал іздеп жүрген тұрғын байқаған. Жантүршігерлік қылмысқа күдікті ретінде марқұмның әйелі мен ұлы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

15 жыл ішкі істер органында қызмет еткен марқұмды туыстары ақтық сапарға шығарып салған. Телеарна мәліметінше, марқұмның сүйегі Кеген ауданында таулы жерден қол-аяғы байлаулы, өртенген күйде табылған.

Мамандардың сөзінше, оқиға Алматы қаласында болған. Қазір күдікті ретінде марқұмның жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы мен оның досы қамауға алынған.

Көршілер қаза тапқан полицей мен оның жанұясы туралы бірде-бір жаман пікір айтпаған. Сол күні де ешқандай айқай-шу естімеген. Тіпті қылмыс болғанын полиция қызметкерлері жауап алуға келгенде ғана білген.

"Түк те білмейміз. Әп-әдемі, сондай кісілер. Келіншегі де, өзі де", - дейді көршілері.

Марқұмның жеті баласы бар. Әзірге жантүршігерлік қылмысқа не себеп болғаны белгісіз. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында таудан полицейдің өртелген сүйегі табылғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!