Алматы облысында таудан полицейдің өртелген сүйегі табылды

Алматы облысында таудан полицейдің өртелген сүйегі табылды
Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен сүйегі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 маусымда полицияға таулы жерден сүйек табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде тергеу тобы шыққан.

"Қаза тапқан адам кім екені анықталды. Ол полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер, соның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, оқиға Алматы қаласында болған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget