"АрселорМиттал Теміртаудағы" тағы бір шахтада өрт болды. "Саранская" шахтасында адамдар эвакуацияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 01:55-те болған. Компанияның баспасөз қызметі апатты жою жоспары бірден енгізілгенін хабарлады.
"Өртті КӘТКҚ бөлімінің күштері сөндірді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасы өртенгені хабарланған болатын. Кейін жалпы бес жұмысшы өлі табылғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, "Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адам болғаны айтылды.
Кеше "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндіріліп жатқаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!