Танымал әнші Қайрат Нұртас үлкен арманын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.
"Мен туралы көп әңгіме жүреді, бірақ мен еліме тек жақсы нәрсе қалдырғым келеді. Менің ең үлкен арманым - азан шақыру. Қанша жылдан бері армандап келе жатырмын. Негізі дауысты да сол үшін берген деп ойлаймын", - деді ол.
Өнер иесі денсаулығы рұқсат етсе, 70 жасқа дейін сахнада ән шырқағысы келеді.
Еске салайық, бұған дейін әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен қалай танысқанын айтқан еді.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, отбасы болғанына биыл 19 жыл толған. Ал танысқанына 20 жыл болған. Жұлдызды жұп Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде оқыған. Өнер иесінің әйелі әншіден бір жас үлкен екен. Оның айтуынша, Қайрат Нұртас үнді фильмдерін жақсы көрген. Тіпті сүйіктісін үнді актрисасына ұқсатқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz