Үнді актрисасына ұқсатқан: Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен қалай танысқанын айтты

Үнді актрисасына ұқсатқан: Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен қалай танысқанын айтты
Фото: instagram.com/kair_n/

Танымал әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, отбасы болғанына биыл 19 жыл толған. Ал танысқанына 20 жыл болған.  Жұлдызды жұп Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде оқыған. Өнер иесінің әйелі әншіден бір жас үлкен екен. 

"1-курста оқимын. Колледждің қасында асхана бар еді. Сол кезде топтастарымен ас ішіп отырған бір сұлуды көрдім. Оның қасында 2-курста оқитын группаласы "інім, маған қасық, шанышқы мен нан әкеліп берші" деген. Жақсы деп апарайын деп жатқанымда Жұлдыз жаныма келіп, "сен еркексің ғой, әкел, өзім апарайын" деді. Содан сөзі де, көзі де ұнап қалды", - дейді ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Қайрат Нұртас үнді фильмдерін жақсы көрген. Тіпті сүйіктісін үнді актрисасына ұқсатқан. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget