Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы, әнші Біржан Хасанғалиев әкесінің бірінші некесінен туған қызы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі. Әншінің сөзінше, әпкесі Астанада жұмыс істейді.
"Қызы бар. Тоғжан Хасанғалиева, Астанада жұмыс істейді. Мемлекеттік қуыршақтар театрының басшысы. Өнер жолында. Әрине, араласамыз. Жақсы араласамыз. Туған апам. Екі туған апам бар. Бірі - Элико, бірі - Тоғжан. Екеуімен де өте жақсы бауырмашыл көзқараспен қараймыз", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ескендір Хасанғалиевтің ұлы алғаш рет отбасы туралы сөз қозғаған еді. Өнер иесі әйелі өзінен 11 жас кіші екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!