"Әйелім 11 жас кіші". Ескендір Хасанғалиевтің ұлы алғаш рет отбасы туралы сөз қозғады

"Әйелім 11 жас кіші". Ескендір Хасанғалиевтің ұлы алғаш рет отбасы туралы сөз қозғады
Фото: instagram/birjan_khassangaliev

Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы, әнші Біржан Хасанғалиев алғаш рет жанұясы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Мен негізі кеш үйлендім. Болашақ жарымды көп іздедім. Ақмаржан есімді жұбайым бар. Ол медицина саласында қызмет етеді. Әйелім өзімнен 11 жас кіші. Мен үйленгенде 33 жаста, ол сол кезде 22-де болатын.

Қазір үш баламыз бар. Үлкен қызым Зере 10 жаста. Кенжем Нұрискен 3 аста, ортаншы ұлым Нұрсұлтан биыл сегізге келеді. Өнер жолы өте қиын жол ғой. Әсіресе, музыка саласы - өте қиын жол. Оған көп оқу керек. Өзім музыканы 16 жыл оқыдым. Мектепте 7 жыл, қазір өзім басқаратын колледжде 4 жыл, консерваторияда 5 жыл оқыппын. Медицина саласы сияқты оқуы көп", - деді ол. 

Өнер иесінің айтуынша, балалары арнайы музыкалық мектепте оқиды.

"Балаларым Бәйсейітова атындағы арнайы музыкалық мектепте оқиды. Оларға музыка саласын таңдайсыңдар деп баса айтпадым. Менің ойымша, бастысы - жақсы білім алу. Әрине, қабілеті болып тұрса, өздерінен шыққан ұсыныс болса, қолдаймын. Олар басқа жолды таңдағысы келсе, шешімін қолдаймыз", - деді Біржан Хасанғалиев. 

Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев - әнші, музыкант, камералық композитор. Ол 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты. 2015 жылдан бері Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек