Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған тұрғын үй басқармасы басшысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Шымкентте Антикор қызметкерлері шенеунікті жиналыс кезінде ұстаған еді.
Саян Ахметжанов мұндай іс-шара алдын ала келісім бойынша жүргізілетінін атап өтті.
"Біз бұл жағдайды қарастырдық деп ойлаймын. Жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (оқиға орнына) шақырғанда жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін", - деді Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі.
Еске салайық, 6 ақпанда Шымкентте шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кеткен болатын.
Видеоны Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Роликте әкім қоластындағы қызметкерлерге адал қызмет ету керегін ескертіп, түсіндіріп жатады.
"Арамызда сатқындар бар". Шымкентте шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кеткен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!