- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Кенжебек Нұрдолдай...
Әнші Кенжебек Нұрдолдай неліктен өзінің тойын жалған деп айтқанын түсіндірді
Әнші Кенжебек Нұрдолдай "Көреміз" бағдарламасында неліктен өзінің тойын жалған деп айтқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өз қателігін мойындап, бұрынғы әйелінен кешірім сұрады.
"Бұл меннен кеткен қателік болды. Ең бірінші Жәмиланың ата-анасынан және өзінен кешірім сұраймын. Өйткені, мен бұл әңгімені олай тиеді деп ойламадым. Бірақ ол кезде менде 14 қазан күні концерт болу керек болатын. Бірақ ол бірнеше рет ауыстырылды. Содан кейін менде күйзеліс болды. Сол уақытта отбасыдағы кикілжіңдер де шығып, қарбаласып кетті. Ашулы, сабырсыз күйде болдым, осыны тезірек жауып тастау керек болғаннан кейін мен осылай айта салдым. Аңдымай сөйледім", - дейді әнші Кенжебек Нұрдолдай.
Еске салайық, Желіде белгілі әнші Кенжебек Нұрдолдайдың шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған еді. Алайда әнші НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында тойдың жалған екенін айтты.
"Бұл нәрсе түсірілім болатын. Ондай үйленді дейтіндей әңгіме болған жоқ", - деді ол.
Алайда әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты.
А. Жапатова