"Fake той". Танымал әншінің жазда шаңырақ көтергені жалған болып шықты

"Fake той". Танымал әншінің жазда шаңырақ көтергені жалған болып шықты
Фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан

Желіде жарты жыл бұрын белгілі әнші Кенжебек Нұрдолдайдың шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл жалған болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Бұл нәрсе түсірілім болатын. Ондай үйленді дейтіндей әңгіме болған жоқ", - деді ол.

Дегенмен әнші жуырда некесін қиғанын айтты. Оның әйелі өнер адамы емес. Әншінің сөзінше, қазір әйелі үй шаруасымен айналысады.

"Біз Мекке қаласында жолыққан болатынбыз. Сонымен әрі қарай отбасы құрып кеттік", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

Әнші, музыкант Кенжебек Нұрдолдай Ақмола облысының Ерейментау қаласында дүниеге келген. Туғаннан көзі көрмейді. Ол Қарағандыдағы арнайы интернатта оқыған. Кейін колледжге "Эстрада-вокал артисі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2-курстан оқудан шығып қалған. Әзірше оқуын жалғастыру ниеті жоқ. Музыкант жақында көзіне ота жасатпақшы.

Еске салайық, Кенжебек Нұрдолдай былтыр тележүргізуші Андрей Малаховтың "Песни от всей души" бағдарламасына қатысқан. Қазақстандық әнші бағдарламада Мүсілім Магомаевтың "Мелодия", "Браво" тобының "Любите, девушки" әндерін шырқап, көпшілікті тәнті еткен еді.

Ол америкалық America's Got Talent шоуына қатысатынын, байқауға қатысуға шақырту алғанын айтқан еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан