Әнші, актриса Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға кететінін және не себепті шетелге кетуді алдына мақсат етіп қойғанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз шетелге не себепті кеткісі келетінін айтты. Тіпті ол оқуды аяқтаған соң елімізде одан ары білімін жалғастыратынын жеткізді.
"Менің ағылшын тілін оқығаныма 4 жыл болды. Менің түсінгенім шет тілі сен алдыңа мақсат қойғанда ғана бойға дариды екен. Түсінесің және тез қабылдайсың. Менің алдымдағы мақсат сол оқуға бару болған. Неге Ұлыбритания, Лондон қаласы? Менің оқитыным ол менеджерлерді оқытады. Өнердің менеджері біздегі тапшы мамандықтардың бірі. Енді не үшін оқуға кетіп бара жатырмын себебі адам өмір бойы ізденіп, оқуы керек. Оқу жас таңдамайды сол үшін оқу оқып, ізденіс үшін кетіп барамын. Менің түсінгенім әлемдегі ең жеңіл тіл ол ағылшын тілі екен, етістіктер өте аз. Екі-ақ жалғау бар, соны жалғап жүре бересің", - дейді әнші.
Әнші, ілім-біліммен өмірінің соңына дейін айналысатынын жеткізді.
© видеоскрин
"Мен өзіме жиі қоятын сұрағым. Мен кіммін, менің соңғы аялдамам қай жерде деп өзімнен күнде есеп аламын. Менің бар мақсатым рухани дамып, руханиятта өзіндік орны бар толыққанды жетілген адам болғым келеді сол үшін шет елге оқуға барып, өзімді дамытып елге пайдамды тигізсем. Елге келген соң доктарантура оқып, білімімді одан әрмен қарай шыңдай түссем деген ниетім бар",-дейді Айгүл Иманбаева.
Айта кетейік, бұған дейін біз әнші Айгүл Иманбаеваның шетелге оқуға түскені туралы және сол жақтан балалы болып қайтысы келетіні туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!