Таиландта қайтыс болған танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпанда елге әкелінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі өкілдері айтты.
"Біз отандасымыздың туыстарымен және продюсерімен байланыстамыз. Оның денесі Алматыға ертең әкелінеді. Air Astana әуекомпаниясы жеткізу шығынын өз мойнына алды. Жерлеу қызметін әншінің достары төлейтін болды", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін Darkhan Juzz лақапатымен белгілі әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейінірек Ozen лейблі Darkhan Juzz-дің шығармашылығына қатысты пікір білдірген болатын.
Музыкалық білімі жоқ, Арбатта ән айтқан. Darkhan Juzz көпшіліктің есінде немен қалды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!