44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 21 тамызда болған. Қыз бұл жағдайды анасына келесі күні ғана айтқан, өйткені анасы денсаулығына байланысты ауруханада болған.
Әйел естіген бойда бірден Тұран ауданының Полиция басқармасына жүгінді. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына барды.
Пәтерде ер адам ұсталған. Сонымен қатар, полицейлер 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелерді тапқан, оны ер адам шөп шегу үшін қолданған болуы мүмкін. Қазір психологтар жәбірленушімен жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ұсталды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.
13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.
Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған.
"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. 2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күдікті 2 айға қамауға алынды.
Күйеуі үстінен қайнақ су құйып, үстелді төңкеріп жіберсе де әйел арыз жазбаған - Дина Таңсәрі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!