Әнші, актриса Анара Батырхан баспаналы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі баспаналы болғанын айтып, instagram-да оқырманнандарынан сүйінші сұраған еді.
"Құттықтасаңыздар болады, Анар қыздарыңыз үйлі болды! Аллаға сансыз шүкір. Жандарым сол, баршаңызға рахмет! Сіздерге де жұғысты болсын, әр комментты оқып отырмын", – деп жазды ол.
Жаңа пәтерімен құттықтап өнер иесіне Massaget.kz тілшісі хабарласып, баспанасы туралы бірнеше сұрақтардың жауабын алды. Анараның айтуынша, ол пәтерді қолма-қол ақшаға алған.
"Пәтер Алматы қаласының шет жағында. Ата-анамның, қара шаңырақтың жанынан алдым. Енді салынып жатқан кезінде бардым осы күзге қарай дайын болады деді. Пәтердің кілтін енді қолыма алдым. Ешкім сыйлаған жоқ, ешкімнің көңілдесі емеспін, өзім еңбек етіп, өз ақшама қолма-қол адым",-дейді Анара Батырхан.
Өнерпаз пәтердің әлі құрылысы бар екенін жеткізді.
"Пәтерді (черновой-еск.) алдым. Оның әлі құрылысы бар, дизайнер шақырып оның сәнін келтіру керек. Мен бұл үйдің құрылысын ақтаған соң, жалға беріп қоятын шығармын. Себебі әлі тұрмыс құрмағандықтан, ата-анаммен бірге тұруды жөн санаймын. Ал бұл пәтерге бас-аяғы алу үшін шамамен 40 миллион теңге жұмсадым",-дейді өнер иесі.
Желі қолданушылары Анара Батырханды құттықтап, түрлі пікір қалдырды.
"Үйіңіз құтты болсын", "Жұғысты болсын", "Берекелі үй болсын", "Қоныс құтты болсын", "Баспанаң құтты болсын Анаржан, іші құтты болсын. Шексіз қуаныштымын",- деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі Massaget.kz редакциясына келіп, эксклюзив сұқбат берген болатын. Анараның неден қорқып жүргенін сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!