"Есірткіден қорқамын". Анара Батырхан эксклюзив сұқбат берді

"Есірткіден қорқамын". Анара Батырхан эксклюзив сұқбат берді
Фото: yernar_almabek

Әнші, актриса, тележүргізуші Анара Батырхан Massaget.kz студиясына келіп, той кезінде басынан өткен оқиғасын айтып, эксклюзив сұқбат берді.

Өнер иесі қазір шығармашылыққа білек сыбана кіріскенін жеткізді.

"Концерт беретін ой бар. Толыққанды шығармашылыққа бет бұрып, ән жазып жатырмын. Түрктің әншісі Мурат Япрак маған ән жазуға ұсыныс жасады, ол менің дауысыма ғашық болыпты. Сонымен бірге дуэт орындап, ән жаздық. Алла бұйырса күз айында, жеке ән кешін береміз. Бұл концертке мен-мен деген атақты Түріктің әншілері одан өзге 7 мемлекеттен әншілер келеді. Қазақстанның атынан мен ғана өнер көрсетемін. Қазір дайындық барлығы жақсы", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АНАРА БАТЫРХАН (@anarabatyrkhan)

Көлікке отырып, қашып кеттік.

"Тойларға тапсырыстарым көп. Гонарарым 1 миллион теңге оны жасырмаймын. Егер тек қана қызды ұзатып, шығарып салу керек болса, онда 500-600 мың теңге болады. Райдарге келер болсақ аса бір бизнес классқа билет деп айтпаймын бірақ міндетті түрде Airastana ұшағы болуы шарты және 5 жұлдызды қонақ үй сосын менің бас амандығымның қауіпсіздігі. Себебі мен Алматы облысында тойда болғанда менде ыңғайсыз жағдай орын алды. Тойда ән айтып тұрған кезімде бір үлкен еркек тойып алып, асылып үстіме шықты. Ар жақтан әпкем жүгіріп келіп, араша түсті. Осы жағдайдан кейін ойланып қалдым мүмкін маған күзетші керек шығар. Себебі ішіп алған адамнан не күтесің? Мен өлең айтып тұрмын, ол маған асылып, артымнан қуалап жүр. Бірақ менің менеджерім, әпкем ол кісімен сөйлесті. Әнімді айтып болғаннан кейін тез көлікке отырып, қашып кеттік" дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АНАРА БАТЫРХАН (@anarabatyrkhan)

Болашақ жарым Алматыда тұруы шарт

"Мені батыста тойға көп шақырады өзіме де батыс ұнайды. Кейде келін қылып алып қаламыз деген секілді әзіл- қалжың айтылады. Бірақ мен Алматыдан кетіп, ешқайда тұрмаймын және тұрмысқа шықпаймын. Менде болды бір жігітпен кездесіп, сөйлесіп жүрдік бірақ ол жігіт Алматы қаласында тұрмайтынын жеткізді сондықтан қарым-қатынасты үзуге тура келді. Мен шетелде жүрсем де, басқа қалаларда болсамда Алматыны қатты сағынамын сондықтан тек осы қалада қаламын" дейді Анара.

© yernar_almabek

Есірткіден қатты қорқамын

"Менің досымның досы осындай жағдайда болған кезде өзім көзіммен көріп қатты қорыққанмын. Адам қалай өзін-өзі олай құртуы мүмкін. Мен ішпеймін, мен шекпеймін және ол нәрсеге қатты қараймын. Енді таныстардың арасында сен өзің жаман әдеттерге жоламасаң онда оларда саған көрсетпей істеуі мүмкін егер сол нәрсемен айналысатын болса" дейді әнші.

Анара мен өлгім келеді

© yernar_almabek

"Оқырмандарымның арасында менің әлеуметтік желіге келіп түсетін хаттар өте көп. Соның ішінде менің өнерімді бағалайтын, мені өнерімді жақсы көретін оқырмандар көп. Дегенмен маған бір хат келді. Бір әйел жазыпты. "Анара мен өлгім келеді себебі менің күйеуім сізді қатты жақсы көреді, сіздің фото, видеоңызды қарап отырады. Мен бұл қорлыққа шыдамаймын" деп жазды. Мен қатты таңқалып қалдым. Мен не істей аламын, өлме деп жаза алмаймын. Мүмкін ол адам менің шығармашылығымды жақсы көретін шығар. Жауап бермеймін" дейді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы