- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анандиді көргенсің бе?"...
"Анандиді көргенсің бе?" Қуандық Шәкіржанов айнытпай пародия жасады
Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында "Конец власти" мен "Окна Овертона" кітаптарын оқып-оқымағанын сұрайды. Бұл диалог Қазнет қолданушылары арасында тез тарап кеткен еді. Белгілі актер Қуандық Шәкіржанов осы сұхбатқа пародия жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны актердің өзі Instagram-парақшасында жариялаған.
"- Сен Анандиді көргенсің бе?
- Жоқ.
- Ойбу, мынауың ұят қой сенің.
- Жарайды, сен анау Денизді көрдің бе?
- ...
- Құсшыны білесің бе?
- Жоқ, естімедім.
- Ой, қалай киноға түсемін енді сенімен", - дейді олар видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары видео күлкіге қарқ қылғанын жазды.
"Соны айтамын, қалай киноға бірге түсесіз? Көрмеген екен", "Аға өлтірдіңіз", "Жақсы пародия", "Өте керемет кетті", - деп жазды пікір білдірушілер.
Бекболат Тілеухан айтқан екі кітап не туралы?
Еске салайық, бұған дейін Бекболат Тілеухан жаңа қызметінде қанша жалақы алатынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ол коронавирус кезінде қатты ауырғанын әңгімелеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова