- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Америкалық Amazon компаниясы...
Америкалық Amazon компаниясы ғарыш туризмін дамытпақ
Интернет-компаниялар да ғарышты игеруге тырысып жатыр. Олай етудегі мақсаттары тек жылдам интернетке жету емес. Мысалы, Amazon.com компаниясының басшысы Джефф Безос ғарыш туризмін қолға алғысы келіп жүр.
Осы мақсатпен компания Техастағы ғарыш айлағынан зымыранын ұшырып көрді. New Shepard ракетасы 93,6 шақырымға дейін көтеріліп, жерге қайта қонды. Зымыранда ғарышкер болмаған. Қону кезінде тек төменгі қозғалтқыштары істен шығыпты.
Элон Масктің айтуынша, модуль бірнеше рет ұшып-қона алады.
«New Shepard жобасы тәжірибеден сәтті өтті. Егер оның ішінде адамдар болғанда, оларға еш қауіп төнбес еді. Ғарыш туризмі мені бұрыннан қызықтырады», - дейді Amazon басшысы.
Интернет алыбының басшысы Джефф ғарыштық технологиялармен 2000 жылдан бері айналысып келеді. Оның бас серіктесі – Blue Origin ғарыштық компаниясы.
Ұқсас жазбалар:
Amazon.com: компаниядан корпорацияға дейін
Қазаққа amazon.com секілді сайт керек пе?
Ж. Өрісбай