Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Хронология / Amazon.com: компаниядан корпорацияға дейін

Amazon.com: компаниядан корпорацияға дейін

Amazon.com: компаниядан корпорацияға дейін

Amazon.com – басты кеңсесі Сиэтлде (Вашингтон, АҚШ) орын тепкен, электронды коммерциямен айналысатын американдық компания. Джефф Безос есімді америкалық 1994 жылы компанияның негізін қалады.

Ал 1995 жылы Amazon.com кітап сататын интернет-дүкен ретінде өз бизнесін бастады. Соңсоң DVD, CD, MP3 дисктер, компьютерлік бағдарламалар, видео ойындар, электроника, киімдер, жиһаздар, ойыншықтар тағы басқа тұтынушы қажет ететін барлық тауарларды сатылымға шығарып, амазондық айналымды үлкейтті. Біршама уақыт өте компанияның ресми қызмет көрсету сайттары Канада, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Франция, Қытай және Жапония елдерінде алғаш болып ашылды. Басында Джефф Безос Бельвью қаласындағы (Вашингтон штаты) гаражынан бастаған онлайн бизнесі халықаралық деңгейге жетеді деп күтпеген болатын.

1994

  • Джефф Безос "Cadabra.com" атымен өз компаниясының негізін қалайды.

1995

  • Amazon.com кітап сататын интернет-дүкен ретінде өз жұмысын бастайды.

1996

  • Шілде – Амазон ресми сайтындағы қоғамдық бағдарламаларды ұсынады.

1997

  • Мамыр - Амазон компанияның IPO бағамын жариялайды (әр акцияға 18.00 АҚШ доллары).

1998

  • Қазан – Алғашқы халықаралық ресми сайттары іске қосылады (Amazon.co.uk («Ұлыбритания») және Amazon.de («Германия»))
  • Қараша – DVD/видео сатылымдары бастау алады.

1999

  • Қаңтар – Невада, Кентукки және Канзас штаттарында негізгі орталықтары ашылады.
  • Маусым – Амазон Alexa Internet интернет қызметін 250 млн АҚШ долларына сатып алады.
  • Желтоқсан - Джефф Безос Time Magazine журналында «Жыл адамы» атанды.

2000

  • Қаңтар – Батыс Вирджиния штатында ресми орталық ашылды.
  • Мамыр – Асхана жабдықтары сатылатын қызмет түрі ашылды.

2001

  • Сәуір – Амазон Borders Alliance Group корпорациясы болып қайта құрылғанын жариялайды.
  • Тамыз – Амазон In-Store Pick Up жедел қызмет түрін іске қосады.
  • Қыркүйек – саяхатқа жіберу қызметтерін бастайды.

2002

  • Қаңтар – Амазон алғаш рет біржылдық табысын жариялайды.
  • Маусым – Канададағы Amazon.ca ресми интернет-дүкенін ашады.
  • Тамыз – Жеткізіп беру қызметін 25 АҚШ долларына дейін төмендетеді.
  • Қараша – Киім және аксессуарлар сатуды қолға алады.

2003

  • Маусым - Amazon Web Services (ресми сайттағы әр тұтынушының жеке парақшасы) қызметін жолға қояды.
  • Желтоқсан – Амазон денсаулық және жеке күтім тауарларын ұсынатын дүкенін іске қосады.

2004

  • Сәуір – Әшекей бұйымдарды сатумен айналыса бастайды.
  • Маусым – Шотландияда бағдарламамен қамту орталығын ашады.
  • Қыркүйек – Амазон Joyo.com Limited компаниясын сатып алады.

2005

  • Қаңтар - Amazon Prime шектеусіз экспресс жеткізу қызметін жолға қояды.
  • Қазан – Фармацевтиканы да тауар айналымына енгізеді.
  • Желтоқсан – Корпорацияның жалпы тапсырысы 108 миллион дананы қамтыды.

2006

  • Ақпан – Амазон Shopbop.com интернет сатылым компаниясын сатып алады.

2007

  • Қаңтар – Амазон аяқ киімдер мен сөмкелердің ауқымды таңдауын ұсынатын Endless.com қосалқы тапсырыс беру сайтын іске қосады.
  • Тамыз – Амазон әшекей бұйымдар мен бағалы сағаттарды алыс шетелге жеткізуді қолға алады.
  • Қараша – Тұтынушылар ресми сайтта видеопікірлерін қалдыру мүмкіндігіне ие болады.
  • Желтоқсан – Амазон Гарри Поттер кітаптарын арнайы тапсырыстармен сату үшін  Дж.К.Роулингпен келісімге қол қояды.

2008

  • Қаңтар – Audible.com компаниясын 300 миллион АҚШ долларына сатып алады.
  • Шілде – Амазон BoxOfficeMojo.com компаниясын сатып алғанын жариялады.
  • Тамыз - AbeBooks.com компаниясын меншігіне алады.

2009

  • Ақпан - Amazon Kindle 2 өнімі жарияланады.
  • Сәуір – Амазон Майкрософттың Xbox LIVE өнімін ресми келісімшартпен сатуға қол жеткізеді.
  • Шілде – Амазон Zappos.com компаниясын 1,2 миллиард АҚШ долларына сатып алады.
  • Тамыз – Амазон Android қолданушыларына тегін бағдарламалар акциясын жүргізуді бастайды.
  • Қазан – Амазон тапсырыстарды 100-ден астам елдерден алатынын жариялайды.
  • Желтоқсан – Амазон Trade-In оқулықтарын жеткізумен айналыса бастайды.

2010

  • Қаңтар – Амазон Kindle DX жеке өнімін жарыққа шығарады.
  • Ақпан – Амазон BlackBerry өніміне арналған Kindle ұсынады.
  • Наурыз – Амазон Mac компьютерлеріне арналған Kindle шығарады.
  • Сәуір – Амазон IPad планшеттеріне арналған Kindle ұсынады.
  • Қыркүйек – Амазон интернет Kindle қызметін қосады.
  • Желтоқсан – Амазон LivingSocial жергілікті сайтына 175 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құяды.

2011

  • Қаңтар – Амазон LOVEFiLM International Limited компаниясын сатып алады.
  • Мамыр – Амазон MYHABIT.COM қосалқы қызмет көрсету сайтын іске қосады.
  • Шілде - AT & T компаниясы Kindle 3G жаңа тауар шығарылымына қаржы бөледі. Endless.com әлемнің 50-ден астам елінен тапсырыс алып жатқанын жариялайды.
  • Тамыз – Амазон Kindle Cloud Reader планшетін сатуға қояды.
  • Қазан – Амазон үшінші маусымдағы сатылымының 44 пайызға (10.88 млрд АҚШ доллары) артқанын жариялады.

2012

  • Ақпан – Спорттық тауарларды сатуға шығарады.
  • Наурыз – Kiva интернет-компаниясын 775 миллион АҚШ долларына сатып алады.
  • Маусым - Amazon Publishing «Avalon» кітап баспа компаниясын меншіктейді.

 

Тағы да оқи отырыңыздар:

Жат жердің топырағы бұйырған қандастарымыз

Қазақстан Ғылыми Энциклопедиясы #1

Археология туралы қызықты деректер

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: amazon.com

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 30 мамыр 2014, 17:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.