Танымал әнші, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзі үшін уайымдап, тілек тілеген оқырмандары мен достарына алғыс білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақын денсаулығына байланысты шақырылған жерге көліктің артына жатып барып, қайтатынын жеткізді.
"Әлсіздігім ентіктіріп қояды,
Ең бастысы, жүрек соғып оянды.
Тек жүздерін, келіп көріп кетсем де,
Достарыммен көңіл шіркін…тояды.Менің көпшіліктің ортасына қосылғаныма қуанып, тіпті көздерінен қуаныш жасын тамшылатып алған жаны таза оқырмандарым! Мен барған жеріме ақ тілегімді көлдей төгіп, жүздерін көріп, сыйлығымды беріп…тез қайтып кетемін. Көлігімнің артына жатып барып, жатып қайтамын. Оңай емес. Бірақ сол менің ықыласым мен махаббатыма лайық жандарымның пейіліне қарай Алланың бұйрығы. Біреуге бұйырып барып дәм тұзын татасың, ал біреуге барғың келсе де бұйрық жоқ. Оны менің достарым жақсы түсінеді. Бір бірінен өткен сұлуларыма көз тимесін. Қарлығаш досыма Евразия тойханасы үшін, жайнаған дастарханы үшін мың алғыс", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Кейінірек өнер иесі жағдайының жақсарғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Рамазан айында оқылатын дұғалар
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!