Алматының орталығында бағдаршам істен шықты: жасөспірімді көлік қағып кетті

Алматының орталығында бағдаршам істен шықты: жасөспірімді көлік қағып кетті
Фото: Tengrinews.kz

Алматының орталығындағы көше қиылысында бағдаршам өшіп қалды, салдарынан жасөспірімді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 12-13 жастағы қыз жолдан өтіп бара жатқан. Осы кезде ауданда электр жарығы сөніп, бағдаршам жұмыс істемей қалған. Ақ Honda көлігін мінген жүргізуші қиылыстан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті.

Қыз жарақат алған, көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жеткен.

Айта кетейік, "Алатау жарық компаниясы" компаниясы Алматының орталық ауданында электр қуатының өшкенін хабарлаған болатын. Гоголь - Амангелді - Абай - Байтұрсынов көшелері аумағында сағат 17:50 шамасында электр жарығы сөнді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан