Алматының орталығында жарық сөніп қалды

Алматының орталығында жарық сөніп қалды
Фото: Tengrinews.kz

Алматының орталығында электр қуаты үзілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматылықтар Байтұрсынов пен Қарасай батыр қиылысындағы бұрынғы Никольский базарының аумағында жарық сөніп қалғанын хабарлады.

"Алатау жарық компаниясы" баспасөз қызметі №4 қосалқы станция аймағында төрт сымды фазаның үзілгенін хабарлады. Салдарынан Гоголь – Амангелді – Абай – Байтұрсынов көшелерінде жарық сөнген. Бұл аумақтарда бағдаршам жоқ. Оқиға орнына жедел топ жіберілді.

Өшіру себебі анықталып жатыр. Компания жарық шамамен екі сағатта берілетінін хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан