Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылмақ

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Атырауға қосымша рейстер ашылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana әуе компаниясының деректері бойынша мұндай шешім сұраныстың артуына байланысты қабылданды

"9 сәуірде әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды. Әуе лайнерінің сыйымдылығы – 179 орын. Алматыдан Атырауға рейс 17.00-де ұшады. Кері рейс 21.15-те", - делінген авикомпания таратқан ақпаратта.

Бұған дейін бес өңірде республикалық маңызы бар жолдардың он учаскесін су басқанын хабарлаған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!