Бес өңірде республикалық маңызы бар жолдардың он учаскесін су басты

Бес өңірде республикалық маңызы бар жолдардың он учаскесін су басты
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның бес облысында республикалық маңызы бар төрт шақырымға жуық жолды су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жол жүру учаскесін су алып, жалпы ұзындығы 3910 метр болды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылғаны айтылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан