- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдан 117 шақырымда...
Алматыдан 117 шақырымда жер сілкінді
Фото:
tn.kz
Алматыдан 117 шақырымда жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сейсмология институтына сілтеме жасап.
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ сейсмикалық станcасы 2 тамызда Астана уақыты бойынша 22.13-те жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде Қырғызстан территориясында болды", - делінген хабарламада.
Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 3,8. Сонымен қатар, сол күні 06.03-те Алматыдан 559 шақырымда, Қытай территориясында жер сілкінісі болғаны хабарланып отыр.
М. Бисембаева