"Қазселденқорғау" ММ мамандары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналарында, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел қаупі бар учаскелерде мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тексеріс нәтижесінде зақымданған жерлер табылған жоқ, бұл нысандар штаттық режимде жұмыс істейді. Қираған жерлер мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді. Жағдай тұрақты", - деді ТЖМ өкілдері.
Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген.
Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыста болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!