Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыста болған.
Жер сілкінісі былай сезілген:
- Алматыда, яғни жер сілкінісінің ошағынан 6 шақырым жерде 3-4 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 18 шақырым жерде орналасқан Қаскелеңде 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 19 шақырым жерде орналасқан Боралдай ауылында 2-3 балл;
- Жер сілкінісінің ошағынан 28 шақырым жерде орналасқан Өтеген батыр ауылында 2 балл.
Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген.
Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова