"Алматы хостелінде" болған өрттен соң бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Үш хостел бойынша барлық адамды эвакуациялаймыз. Шамамен 50-52 адамды басқа хостелге жібердік. Адамдарды көшіруге әкімдіктің автобусы жұмылдырылды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.
Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды.
Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.
"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.
Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.
Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!