Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір хостелде болған адамдардың кім екені анықталып жатыр. Бірақ біздің білуімізше, ол - жастар немесе студенттер. Эвакуацияланғандардың ішінде Үндістан немесе Пәкістан азаматтары бар екенін көрдік. Қажет шаралар қабылданып жатыр. 45 адам екі хостелге эвакуацияланды. Тамақ, қажет заттар берілді", - дейді аудан әкімі.
Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскені белгілі болды.
"2023 жылғы 30 қарашада Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз