- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы хостелде 13...
Алматыдағы хостелде 13 адам қаза тапты: оқиға орнына ТЖ министрі келе жатыр
Фото:
Massaget.kz
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
"ТЖ министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келе жатыр", - дейді қалалық ТЖД өкілдері.
Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев өртке қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина