Алматыда тауда адасып қалған төрт адам құтқарылды

Алматыда тауда адасып қалған төрт адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Медеу ауданында, Бутаков сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен 2400 метрден аса биікте төрт адам таудан түсу кезінде адасып қалған.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары туристерге көмектесіп, оларды Қотырбұлақ шатқалына, тасжолға дейін алып түскен.

"Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Олар кейін өз бетінше үйлеріне қайтты", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмағаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!