Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмады

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмады
Фото: depositphotos.com

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар Корея Республикасының азаматын іздеу жұмыстары аясында таулы аймақты тексеріп жатыр.

"Жету қиын учаскелерге, соның ішінде тау беткейлері, шатқалдар және басқа да аумақтарға ерекше назар аударылып отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, еріктілер, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды", - деді ТЖД өкілдері.

Барлығы шамамен 90 адам, 10 техника, 3 кинологиялық есеп, 7 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ, ТЖМ авиациясы жұмылдырылған. Іздестіру-құтқару операциясы ТЖМ-ның тұрақты бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жоғалған шетелдік азамат іздестіріліп жатқаны хабарланды. Ол 28 қыркүйекте басқа да туристермен бірге "Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы тауға көтерілген. Кейін топтағы адамдарға маршрутты өздігінен жалғастырып, қалаға да өзі қайтатынын айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.

29 қыркүйекте құтқарушыларға шетелдік азамат жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget