Алматыда тағы бір дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады - видео

Алматыда тағы бір дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына тағы бір ағаш құлады. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған видеода құлаған ағаш дәмхананың жарты бөлігін жермен жексен еткен.
Адамдар ағаш құламай тұрып, дәмханадан шығып үлгерді. Видеоның сипаттамасында оқыс оқиға Орталық демалыс саябағында болғаны айтылған.

"Жақын жердегі мекеменің үстіне ағаш құлады. Жақын жерде адамдар мен балалар болған. Куәгердің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген жазбада.

Бұған байланысты Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті өкілдері пікір білдірді.

"Мамандар саябақ аумағына барып, тексеріс барысында көпжылдық ағаштың құлағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Ағаш дәмханаға іргелес жатқан "Алтын Тараз" ЖШС-не тиесілі.

Алматының жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ережесіне сәйкес меншік иесі күтіп-баптау жұмыстарын, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуді жүргізуге тиіс. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жолдады", - деп түсіндірді басқарма өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Алматы (@almaty_kris_p)

Еске салайық, 25 мамырда Алматыда дәмхананың жазғы алаңына алып ағаш құлады. Қонақтар ағаштың құлайтынын байқап, қашып үлгерген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек