Алматыда кафенің жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыда кафенің жазғы алаңына ағаш құлады
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматының орталығындағы кафенің жазғы алаңына ағаш құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда ағаштың құлаған сәті бейнеленген. Ағаш құлағанға дейін бірнеше секунд бұрын қонақтар қашып үлгерді. Автор жолдан өтіп бара жатқан адамның қонақтар мен қызметкерлерге ағаштың құлайтыны туралы ескертіп үлгергенін айтты.

Алматы әкімдігі 25 мамырда сағат 22:15-те Алматының Құтқару қызметіне Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы "Акунин" мекемесінің жазғы алаңына ағаш құлағаны туралы хабарлама түскенін атап өтті.

"Қызмет мамандары мен Медеу әкімдігі сараптамаға кетті, қажет жұмыстарды күндіз жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Жұмысты бүгін таңертең төтенше жағдайлар бригадасының мамандары бастады, олар ағашты кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Жұмысты жеке құрамнан төрт құтқарушы және бір техника жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек