Алматыда тағы бір заңсыз дәмхана сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәліметінше, жазғы терраса Гете көшесі, 274/32 мекенжайында орналасқан.
Жоспардан тыс тексеріс барысында нысан рұқсатсыз салынғаны анықталған.
Алайда меншік иесі тексеріс аяқталмай тұрып заңсыз салынған құрылысты өз еркімен бұзып тастаған.
Еске салайық, бұған дейін Поддубный көшесі 119-үй мекенжайында орналасқан заңсыз нысан бұзылған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз