Алматыда дәмхана сүрілді: әкімдік себебін түсіндірді

Алматыда дәмхана сүрілді: әкімдік себебін түсіндірді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз дәмхана бұзылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық жоспарлау және құрылыс бақылау басқармасы мәліметінше, Поддубный көшесі 119-үй мекенжайында орналасқан заңсыз нысан бұзылған.

"Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесі рұқсатсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланғаны анықталған. Кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін құрылысты бұзу жөнінде нұсқау берілді", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде меншік иесі талапты орындау мақсатында нысанды өзі бұзған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget