Алматы қаласын дамыту орталығы жаңа стадионның болашақтағы көрінісін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл 45 мың жанкүйерге арналған стадион болмақ. Арена УЕФА талаптарына сай салынып, халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдамақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жоба жүзеге асатын аумақтың көлемі - шамамен 32 гектар. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылғы наурызда аяқтау жоспарланған. Ол Құлжа және Талғар тасжолдары бойында орналасады.
Айта кетейік, бұған дейін нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова