Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынады: жоба қазір қай сатыда?

Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынады: жоба қазір қай сатыда?
Фото: depositphotos.com

Алматыда Құлжа және Талғар тасжолдары бойында 45 мың көрерменге арналған заманауи стадион бой көтереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоба жүзеге асатын аумақтың көлемі - шамамен 32 гектар. Қазір нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталған.

Стадион УЕФА-ның төртінші санатына сай келеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

"Жоба бойынша жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйесі және іргелес аумақты абаттандыру қарастырылған", - деді ол.

Бұл жер қаланың маңызды көлік-логистика торабына айналмақ. Сондай-ақ, жоба аясында көрермендердің стадионға жетуін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget