Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Мамандар жауап берді

Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Қаланың Төтенше жағдайлар департаменті өкілі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 28 қыркүйекте сағат 09:38-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болған, ол Алматы қаласында 3-4 балл болып сезілген.

"Сейсмологиялық байқау және зертеулер ұлттық ғылыми орталығының болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес сағат 10:30-дағы жағдай бойынша жойқын жер сілкіністері болжанып отырған жоқ. Сабыр сақтауларыңызды және ресми дерекке сенулеріңізді сұраймыз. Жағдай Алматы қаласы ТЖД бақылауында", - деді департамент өкілі.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген.

Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді. 

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыста болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!