Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: swtimes.com

Бүгін, 2 ақпан күні, Астана уақытымен 15.20.44 кезінде Алматы қаласында жер сілкінді.

"Сейсмология институты" ЖШС-нің директоры Әнуар Боранбаевтың айтуынша, Алматы қаласынан 40 км қашықтықта болғанын айтқан еді.

Бірақ, кейін эпицентрдің қала ішінде, анығырақ, Гагарин көшесінде орналасқан №125 мектептің маңында болғаны анықталды.

Жер сілкінісі 8,5 энергетикалық класты құрап отыр. Магнитуда MPV 3.7. Тереңдігі – 10 км. Координаты: 43.20° солтүстік ендік, 76.90° оңтүстік бойлық. Алматылықтар 2-3 баллдық жер сілкінісін сезген.

Жер сілкінісі кезінде ешқандай зардап шегу фактілері тіркелмеген. 

Жер сілкінісі кезіндегі сақтық шараларын жадыңызда ұстаңыз!

Massaget