Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Фото: institutoconexiones.cl

Еліміздің оңтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында жер асты дүмпуі жиі кездеседі. Бүгін Алматы қаласының тұрғындары Қырғызстан жерінде болған жер сілкінісінің куәгері болды. Бұл табиғат апаты үйімізді қиратпаса да, өзімізді абдыратып тастағаны жасырын емес. Анда-санда тосын мінезін көрсетіп тұратын табиғат құбылыстарына бей-жай қарамай, қауіпсіздік шараларын есте ұстап жүрген абзал. Осы ретте, Американың «Rescue Chief and Disaster Manager of the American Rescue Team International (ARTI)» атты халықаралық құтқарушылар бригадасының командирі Дуг Коптың өмірлік кеңестерін ұсынамыз.

Дуг қызметінде жүріп, зілзала кезінде 875 апатты ғимаратты құтқаруға қатысқан. 60 елде құтқару командасында жұмыс атқарып, әр түрлі мемлекетте команда ұйымдастырушысы мен мүшесі болған. 2 жыл БҰҰ-ның табиғат апаты зерттеушісі болса, ал 1985 жылдан бастап бұл зерттеушінің көмегінсіз бір де бір қорғану шаралары жүзеге асырылмаған. 

1. Апатты жағдайда ғимарат немесе көлік ішінде жасырыну өте қауіпті. Құтқарушыларды күтпей, өзіңіз ғимараттан не көліктен мейлінше тез шығып кетуге тырысыңыз. Бұл «үстел не кереует астына жасырынамын» деушілерге де қатысты. Мұндай жағдаймен аман қалу мүмкіндігіңіз шамалы. Егер далаға шыға алмай қалсаңыз, қандай да бір заттың астына тығылуға тырыспаңыз.

2. Барлық үй жануары қауіптің алғашқы белгісі сезілгенде, аяқтарын бауырына жинап алатын көрінеді. Бұл – жер сілкінісі кезінде керекті әрекеттердің бірі. Кішкентай қуысқа тығылуға көмектеседі. Егер сіз қабырғаға, бағанаға жақындасаңыз, қирау кезінде пайда болған ашық кеңістік қатерден аман қалуыңызға мүмкіндік тудырады.

3. Ағаштан салынған ғимараттар – зілзала кезіндегі ең қауіпсіз жерлердің бірі. Сейсмикалық толқыннан ағаштар жақсы қорғайды. Ағашты ғимарат қираса үлкен зақым келтірмейді. Кірпіштен салынған үйлер қирау кезінде ғимарат тастары үлкен қауіп-қатер тудырады. Бетонды ғимараттар – зілзала кезіндегі ең қауіпті жер. Әйткенмен, тақтайшасы ағаш секілді, ұсақ бөліктерге оңай сына қоймайды. Сондықтан, бетонды қабаттардың астында қалмау қаупі сейіледі. Десе де, бұл ағаш сынығынан келетін зардаппен салыстыруға келмейді.

4. Егер зілзала түн ішінде орын алса, кереуетіңізден тұрып кетіңіз. Сізге ең қауіпсіз жер кереует маңы болмақ. Қонақүйлердің есігінде зілзала кезінде сақтану нұсқаулықтары ілулі тұрса, көп адам аман қалуы мүмкін. Негізінде бұндай нұсқаулықтар сейсмикалық апатты аймақтарда ілініп тұруы керек.

5. Зілзала кезінде есіктен, терезеден шыға алмасаңыз, терезе, шкаф, сынғыш заттардан алысырақ, қауіпсіз жерде тұрғаныңыз жөн болар.

6. Құлағалы тұрған есік босағасында жасырынған адам, қауіп-қатерге ұшырайды. Себебі, есік маңында тұрсаңыз, есіктің жақтауы қираған жағдайда, сіз де қиранды астында қаласыз. 

7. Жер сілкінісі кезінде баспалдақ үстінде тұрмаңыз. Оның үй дуалынан бөлек айналмасы бар. Баспалдақ және тағы басқа ғимарат сынықтары іште қалған адамды аман қалдырмайды. Ғимарат құламаса да, теңселмесе де, баспалдақта тұрмаңыз.

8. Егер мүмкіндік болса, сілкініс кезінде ғимараттың сыртқы не ішкі қабырғасының маңында болыңыз. Бірақ, іштен гөрі сыртта жүргеніңіз абзал.

9. Мұндай жағдайда көлік ішінде қалу қауіпті. Оларға ағаштар немесе жоғарғы жолдар (көпір, теміржолға арналған көпірлер) құлауы мүмкін. Көліктен түсіп, жанына жата қалыңыз. Егер, көліктің үстіне бағана құламаса, қираған әр көліктің жанында үш футтық қауіпсіз кеңістігі болады. 

1996 жылы үстел астына тығылып, зілзаладан сақтануға болатын мифологияны насихаттайтын фильм түсірілген. Фильмді зерттеушілер жоғарыда аталған он кеңестің нәтижелі екенін көрсеткен. Бұл әдістер жер сілкінісінен қорғанамын деушілерге таптырмас көмек. Сіздерге де бір пайдасы тиер деген ниеттеміз.

Г. Берік