Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс тағы да шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс тағы да шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"27 тамыз сағат 22:00-ден 30 тамыз сағат 06:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толық жабылмайды. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, белгіленген жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі 

Еске салайық, биылғы жазда Жандосов көшесіндегі қозғалыс үш рет шектелген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget