Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толық жабылмайды", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Алматы әкімдігі
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова