Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен тағы да притон анықталды

Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен тағы да притон анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер тұрғын үй ретінде пайдаланылмаған. Полиция қызметкерлері бұл жерден жезөкшелікпен айналысуға арналған орынды анықтаған.

"Пәтерде Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны мен Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы болған. Екі әйел де ақша үшін интим қызмет көрсеткенін мойындады. Әйелдер бірден Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, әйелдердің және пәтер иесінің әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр.

Полиция азаматтарға пәтерді жезөкшелікпен айналысуға жалға беру де жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін де Алматыдағы пәтерлердің бірінен интим қызмет көрсететін орын анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!