Алматыда ғимараттар жер сілкінісіне дайын ба? Сарапшы жауап берді

Алматыда ғимараттар жер сілкінісіне дайын ба? Сарапшы жауап берді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"ҚазҚСҒЗИ" маманы Ералы Шоқпаров Алматыдағы ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігіне баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Алматыдағы жер сілкінісі құрылыс нормаларының қатаң сақталғанын және ғимараттар жақсы екенін көрсетті.

"23 қаңтардағы жер сілкінісі Алматыдағы ғимараттардың біршама мықты екенін көрсетті. Себебі 5 балдың өзінде тұрғын үйлерде де, басқа құрылыс нысандарында, жүк көтеретін конструкцияларда да ақаулар жоқ. Ақаулар тек жүк көтермейтін конструкцияларда жарықшақ түрінде пайда болған. Бұл нені көрсетеді? Яғни, біздің елімізде сейсмикалық төзімділік құрылыс нормалары қатаң сақталғанын көрсетеді", - дейді "ҚазҚСҒЗИ" маманы Ералы Шоқпаров.

Шоқпаров бекітіліп жатқан арнайы құрылыс нормасы тек Алматы қаласын қамтымайтынын айтады. Сейсмикалық қауіптілігі бар өзге өңірлерде де сақталады. Ол Алматы қаласында көпқабатты үйлердің жаңа нормасы қандай болатынын да айтты.

"Құрылыс нормасында көп абатты ғимараттарға өзінің құрылыс аймағына байланысты қойылатын шектеулер бар. Сейсмикалық аудандағы құрылыс нормасында 9/2 деген кесте бар. Мәселен, 9 балдық аймақта моналиттік ғимарат 12 қабаттан аспауы керек, 10 балдық аймақта 4 қабатты ғимарат салынуға тиіс. Ал 9 балдық аймақта кірпіш ғимарат 2 қабаттан жоғары болмайды. Биктігіне байланысты қатаң сақталатын осындай ережелер бар", - дейді "ҚазҚСҒЗИ" сарапшысы.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. 

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz