Алматыда Бауыржан Олжас екі айдан бері табылмай жатыр. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1990 жылы туған Бауыржан Олжас 19 наурызда жоғалып кеткен. Ол Әуезов ауданы Таугүл-3 шағынауданы Мұхамеджанов көшесі 71-үй мекенжайынан шығып кеткен.
Белгілері: бойы 190 сантиметр, орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Жоғалған күні үстінде не болғаны белгісіз.
Жақындарының айтуынша, барлық жерді тексерген. Алайда ешқандай нәтиже жоқ.
Оны көрген-білген жандардан +77051053131, +77013759291 нөмірлеріне хабарласу сұралды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, кейін облыс аумағынан өлі табылған Ерзат Егінбайдың жақындары әділдікті талап етіп, әлеуметтік желіде үн қатты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова