- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың...
Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрлыхановтың төртінші ұлы әрі кенжесі 20 жастағы Нұрасыл Болаттың ісі қаралды. Оған алматылық ерлі-зайыпты әрі заңгер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылды. Істің барлық материалын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:
"Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын", - деді судья Дихан Әлиасқаров.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек