Алматыда 23 тамызда, яғни Құрылтай сайлауы өтетін күні қоғамдық көлікпен жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, сайлау күні тұрғындар мен қонақтар жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі.
"Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында - автобуст, троллейбус және метрода жол жүру тегін болады", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада LRT және автобуспен жүру бір күнге тегін болатыны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!