Астанада LRT және автобуспен жүру бір күнге тегін болады

Астанада LRT және автобуспен жүру бір күнге тегін болады
Фото: Tengrinews.kz

23 тамызда, яғни Құрылтай депутаттарын сайлау өтетін күні Астанада қоғамдық көлікпен жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

CTS мәліметінше, бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 

Тегін жол жүру мына бағыттарда қолданылады:

  • Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
  • қалалық бағытта;
  • экспресс бағытта;
  • қала маңындағы бағытта.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауы (бірпалаталы Парламент) 23 тамызға белгіленген болатын. Сайлауға 7 саяси партия қатысады, олардың тізімінде 546 кандидат бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget