Алматыда бір тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2000-нан аса дерегі анықталған

Өткен тәулікте Алматы аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталған. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 252 жағдай тіркелген.

Анықталған құқықбұзушылықтардың ішінде:

  • көлікті масаң күйде басқару - 7 дерек;
  • көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы - 2 дерек;
  • жалған мемлекеттік нөмірмен көлік тізгіндеу - 3 дерек;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, соның ішінде қауіпті маневр жасау - 68 дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау - 128 дерек;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу - 9 дерек;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану - 35 дерек.

Сонымен қатар, 33 көлік арнайы тұраққа қойылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы жолдағы бақылауды күшейткені хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз